Запастағы әскерилер ұшқышсыз ұшу аппаратын меңгермек.. Бұл олар үшін заманауи ұрыс техникасын меңгерудің жаңа әдісі. Сондықтан әскери нұсқаушылар 14\157 әскери бөлімінде Тараз, Жамбыл, Жуалы, Байзақ аудандарынан қайта шақыртылған 120 әскериге 30 күннің ішінде арнайы ұрыс дрондарының қыр-сырын танытып, үйрететін болады.
Бұл жиынды өткізуге қорғаныс істері жөніндегі жергілікті органдар мен әскери бөлім басшылығы бірлесіп атсалысты. 14\157 әскери бөлімінде запастағы әскерилердің оқу-техникасын меңгертуге барлық жағдай жасалған. Оқытушы мамандары да білікті.