Ұлттық құндылықтар ұлықталған мазмұнды кездесу. Жазушы, қоғам қайраткері Зейнеп Ахметова БАҚ өкілдерімен жүздесіп, өмірлік тәжірибесімен, рухани ұстанымдарымен бөлісті. Еркін форматта өткен басқосуда ұлттық тәрбие, дәстүр сабақтастығы және қоғамдағы адамгершілік құндылықтар кеңінен сөз болды.
Кездесуде қаламгер бүгінгі қоғам үшін маңызды мәселелерге тоқталды. Оның айтуынша, ұлттық тәрбиенің негізі отбасыдан басталып, балабақша қабырғасынан қалыптасуы тиіс. Сондықтан этнопедагогиканы ерте жастан енгізу – уақыт талабы.