Тараздағы Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінде жоспарлы техникалық байқауы өтті. Осы мақсатта Астанадан келген арнайы комиссия әскери техника мен қару-жарақтың жай-күйін тексереді. Сондай-ақ бөлімнің жауынгерлік дайындық деңгейін бағалайды.


Тексеріс барысында әскери бөлімнің жеке құрамы бірден дабыл белгісімен сапқа тұрғызылды. Бас қаладан келген жедел топ ең алдымен жеке құрамның құжаттары мен жауынгерлік жабдықтарын түгендеп шықты. Содан кейін комиссия мүшелері автопаркке беттеп, әрбір броньды машина мен арнайы көліктің жағдайын егжей-тегжейлі қарауға көшті.