Мойынқұмда пробация есебінде тұрған азамат баспаналы болды. Сотталған тұрғын прокуратура және әкімдіктің қолдауымен үйге қол жеткізіп отыр. Бастама заң шеңберінде жазасын өтеп жүрген жандарды қоғамға бейімдеу мақсатында жүзеге асырылып жатыр.
Қазіргі таңда ауданда дәл осындай бақылаумен 43 азамат тіркеуде тұр. Пробация есебіндегі тұрғындардың 6-ы бүгінде тұрақты жұмыспен қамтылып, 3 азаматқа біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілген. Сонымен қатар 5 азаматтың несиелік берешегін өтеу кестесін жеңілдету бойынша жұмыстар жүргізілді.