Кезекке тұрғың келмесе, ақшасын төле. ХҚКО да қосылған жаңа жүйе жүйелі түрде істеп тұр. Бұл сервис арқылы тұрғындар 5 697 теңге төлеп, төлқұжат пен жеке куәліктен бөлек мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін кезек күтпей ала алады. Мамандардың сөзінше, жыл басынан бері 500 ге тарта адам ақылы қызметті алып үлгерген.  


Дербес менеджер қызметі азаматтарға мемлекеттік қызметтерді жалпы кезекте тұрмай-ақ, жеке форматта рәсімдеуге мүмкіндік береді. Қызмет алушының құжаттарын қабылдап, рәсімдеу жұмыстарын мемлекеттік корпорацияның арнайы маманы жүргізеді. Сонымен қатар маман қажетті кеңестер беріп, құжаттарды рәсімдеудің барлық кезеңінде сүйемелдейді және қызметті жедел алуға көмектеседі.