Таразда такси жүргізушісінен 5 келіге жуық марихуана тәркіленді. Есірткі затын заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Chevrolet Cobalt маркалы автокөлікті тоқтатқан. Көлікті басқарған 53 жастағы жергілікті тұрғын такси жүргізушісі болып жұмыс істеген.


Тексеру кезінде көліктің жүксалғышынан өсімдік тектес зат салынған қапшық табылып, сараптама нәтижесінде оның жалпы салмағы 4 келі 649 грамм кептірілген марихуана екені анықталды. Сонымен қатар медициналық тексеру күдіктінің психоактивті заттарды қолданғанын көрсетті. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.