Биыл елімізде 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асырып жатыр. Қазір жылу жүйелерінің 50%-ы тозған. Ал электр желілерінің 66 пайызы ескірген. Олар алдағы үш жыл ішінде жаңартылады. Ұлттық жоба аясында отандық өнеркәсіпті қолдауға да ден қойылмақ: коммуналдық секторды жаңартуға қажет жабдықтың барлығы дерлік отандық өнім. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардан бөлек, 27 жаңа өндіріс орны ашылады. Жобаға 13 триллион теңге бөлінген.