Белгілі қаламгер, журналист Арғынбай Бекбосынұлының қызы Жәмила Бекбосынованың «Қыз мұраты-бақыт» атты кітабы жарыққа шықты. Таразда туындының тұсаукесері өтті. Жиынға ақын-жазушылар,автордың жақындары қатысып,жаңа туындының тәрбиелік маңызы туралы пікір алмасты.


«Қыз мұраты - бақыт» кітабының авторы Жәмила Бекбосынова оқырмандармен кездесіп, кітаптың жазылу тарихы мен негізгі идеясын баяндады. Бұл туындыда қазақ қызының тәрбиесі, отбасы құндылықтары мен ұлттық болмысы туралы баяндалады. Осылайша қаламгер қазіргі қоғамдағы нәзік жандыларды алаңдататын өзекті мәселелерді шығарма арқылы оқырманға жеткізіп, ой салуды көздейді.