Таразда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Тәртіп – тазалықтан басталады» атты экологиялық шара өтті. Игі іске жастар, еріктілер мен қоғам белсенділері қатысып, тарихи-мәдени аумақтарға тазалық жұмыстарын жүргізді. Жас белсенділер ұйымдастырған акцияның басты мақсаты – жастар арасында тазалыққа құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті нығайту және туған өлкенің табиғатын қорғауға үндеу.
Бүгінгі қайнаған күн, тымырсық ауа райы жастарға еш кедергі емес. Қолдарына қажетті құрал-сайманын қамдап шыққан олар тазалық жұмыстарына сақадай сай. Қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық тәртіп пен азаматтық жауапкершілік мәселелеріне бей-жай қарамайтын белсенділерге облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов сәттілік тіледі.