Ауылына келіп балабақша ашқан кәсіпкер. Тұрар Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылында балаларға заманауи соғылған бөбекжай қызмет көрсетеді. Көп кәсіпкер ауылға қаржы сала бермейді. Ал, тәуекелге барған Зәуреш Тойбекова 2018 жылы небәрі 50 баламен балабақша ашқан Қазір, оның ауқымы кеңейіп, балалар да көбейіп келеді.


Балабақшалар көбейіп келеді. Оған серпін беріп отырған- мемлекеттік – жеке меншік әріптестік. Мысалы, ауылда 2018 жылы ашылған «Аяулым» бөбекжайы осы әріптестік аясында жұмыс істеп келеді.