Бір палаталы парламентте партиялардың тартысы күшейіп, бәсекелестік артады. Бұл туралы бүгін Конституциялық реформа: заңнама мен мемлекеттік басқаруды дамытудың заманауи үрдістері» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды. Қазір елімізде ресми тіркелген 7 саяси партия бар. Соңғы сайлауда солардың 6-ы алға шығып, жақтастарына мәжіліс залынан мінбер бұйырған еді. Енді құрылтайдың құрамы партиялық тізім арқылы жасақталғандықтан, депутаттар тұтас саяси ұйымның тәжірибесі мен ресурсына сүйенеді. Бұрын құжат алдымен Мәжілісте екі рет қаралып, кейін Сенатта тағы екі мәрте талқыланатын. Ал бір палаталы парламентте талқылау Құрылтай деңгейінде бір орталықта үш оқылым арқылы жан-жақты сарапталып, мұқият қаралады,-дейді сарапшылар.