Жаздың соңына дейін жолаушылар пойыздары толық интернетке қосылады. Бұл жөнінде Үкіметте өткен брфингте мәлім болды. Қазір Астана - Алматы және Астана - Өскемен бағыттарындағы пойыздарда Starlink интернеті бар. «Қазақстан Темір Жолы»-ның басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов мәлім еткендей, Алматы - Павлодар, Павлодар - Түркістан және Нұрлы жол-Атырау құрамдарында терминалдар орнатылып жатыр. Дегенмен жиын барысында Үкімет басшысы Олжас Бектенов вагондардың жай-күйіне қатысты жолаушылардан шағым көп түсетінін айтты.