Өңірдегі энергетика саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар көңіл көншіте ме? Саладағы созбалаң тірлік пен әлі атқарылмаған жұмыстарға кім жауап береді?! Бүгін облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте осы мәселелер назарға алынды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында әлі жұмысты жүйелей алмаған әкімдерге кемшіліктерді жоюға бір апта уақыт берілді.
Энергетика басқармасының басшысы жасаған баяндамаға сүйенсек Облыс бойынша 357 елді мекеннің 284-і табиғи газбен қамтылған, халық санымен қамту деңгейі 91,8% құрайды. Қалған 73 елді мекен бойынша кезең-кезеңімен газдандыру жұмыстары жүргізіледі. 2020 жылы құрылысы басталған Сарысу, Шу аудандары бойынша 3 жобаға түзету енгізіліп, жалпы сметалық құны 30,7 млрд. теңгеге ұлғайған.