Жыл сайын кәсіподаққа 11 мыңнан астам арыз-өтініш келіп түседі. Шағымдар заң аясында қаралып, жеке даулар келісу комиссиялары арқылы сотқа дейінгі тәртіппен шешіледі. 2015-2025 жылдар аралығында құқықтық қызмет нәтижесінде ұйым мүшелеріне 2 миллиард 566 миллион теңге көлемінде қаржы өндіріліп берілген.


Аймақтағы оқу ағарту,ғылым мен жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы –азаматтардың еңбек қатынастарында, жұмыспен қамтылуға, еңбек даулары, жалақы мөлшеріне байланысты туындаған мәселелерін шешуде үлкен рөл атқарады. Бүгінде ұйым құрамында 822 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Жалпы бұл ұйымдарда 63736 адам мүшелікке тартылған.