Өткен жексенбіде медицина қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті. Соған қарамастан көптеген ақ халатты абзал жандар бұл күні жұмыста болып, түрлі дерттен адам жанын арашалап қалуға барын салды.


Аурухана қабырғасындағы қарбалас бір сәтке де толастамайды. Дәрігерлер тәулік бойы тұрғындардың денсаулығын назарға алып, қажетті медициналық көмек көрсетуге мнідетті. Бір бөлімде науқастар қабылданса, енді бірінде күрделі оталар, бірінде түрлі ем жасалады.