Мектептегі буллинг, әлімжеттік бойынша статистика жаға ұстатар жағдайда. Енді оны Жасанды интеллект әшкерелейді. Тараздық кәсіпкердің заманауи тың жобасы Республика бойынша жүзден аса білім ордасына енгізіліп отыр. Ел бойынша 100-ден аса мектеп жүйеге жалғанған. Басым бөлігі Солтүстік Қазақстан облысындағы мекемелер. Таразда әзірге пилоттық жоба негізінде бір ғана №38 орта мектепке орнатылған.