Облыстық электр желілері мекемесінің басшысы Шу ауданы тұрғындарынан қашып жүр! Тіпті былтыр облыс әкімі жүктеген тапсырманы да орындамаған. Бұл туралы бүгін өңір басшысының халықпен кездесуінде тұрғындар осылай деді. Жалпы, тоғыз жолдың торабындағы Шу ауданында электр желілерінің 79 пайызы тозған. Соның салдарынан сәл ғана жел соқса жарық сөніп, тұрғындардың тұрмыстық техникалары істен шығып бастаған. Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімінің алдында тағы қандай өзекті мәселелер көтерілді?


Шу ауданына арнайы барған облыс әкімі алдымен бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Одан кейін тұрғындармен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында төрт айда удан экономикасының өсімі 17,9 пайызға жеткен. Ауыл шаруашылығын қолдауға 32,6 миллиард теңге субсидия бөлінсе, кәсіпкерлікті дамытуға 1,4 миллиард теңге қарастырылған.