Жамбыл ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Бұл туралы аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы баспасөз конференциясында айтты. Әкімнің сөзінше, биылғы жылдың алғашқы төрт айында аудан экономикасына 11,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,3 пайызға жоғары көрсеткіш.
Қазіргі таңда ауданда жалпы құны 65 млрд теңгені құрайтын 14 инвестициялық жоба іске асырылуда. Жобалар толық жүзеге асқанда 278 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Бірлесу-«Еңбек ауылы аумағынан Кнауф-Гипс Тараз» ЖШС гипсокартон және құрғақ қоспаларын өндіру зауытын кеңейтуді қолға алуда.