Алтын ұя мектеппен қоштасып, жаңа өмірге қадам басқан түлектер үшін ерекше күн. Бүгін Тараздағы Нұрғиса Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатында бітірушілерге аттестаттар табысталып, үздік оқушылар «Алтын белгімен» марапатталды.


Биыл білім ордасынан 8 оқушы түлеп ұшты. Оның ішінде 3 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісін иеленді.. Салтанатты жиында түлектерге аттестаттар мен марапаттар табысталып, жүрекжарды лебіздер айтылды.