Жаз келгелі базарлар маусымдық өнімге толды. Бірақ көкөніс арзандағанымен, кей жеміс-жидектің бағасы әлі де жоғары. Бұған не себеп? Бағаны тасымал шығыны көтеріп тұр ма, әлде өнімнің аздығы әсер ете ме? Осы жайында сатушылар не дейді, тұрғындардың пікірі қандай?


Қазір базарларда жергілікті көкөністердің көлемі артқан. Соның әсерінен қызанақ, қияр секілді кей өнімдердің бағасы төмендей бастаған. Ал жеміс-жидектің бір бөлігі көрші елдерден жеткізіледі. Саудагерлердің айтуынша, өрік, шие, құлпынай секілді маусымдық өнімдер негізінен Қырғызстан мен Өзбекстаннан келеді.