Ғылымға бет бұрған жамбылдық жастар жасанды интеллектіні меңгеруде. Оған мемлекет тарапынан жан-жақты жағдай жасалып отыр. Мәселен, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде AI Innovation Academy зертханасында студенттер заманауи цифрлық техникаларды меңгеріп, заман талабына сай білім алуда.
Аталмыш колледждегі бұл зертханада студенттер жасанды интеллект, бағдарламау және инновациялық технологиялар бағытында білім алуда.Бұдан бөлек, олар түрлі жобаларды әзірлеп тәжірибиелік дағдыларын жетілдіруде.