Мәжіліс депутаты жатақхана орындарын бөлетін ұлттық цифрлық платформа құруды ұсынды. Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары жаңа жатақханалар салынып жатыр. Мәселені шешу бағытында жұмыс жүргізілуде. Алайда, түйткіл түбегейлі шешілмеген. Осыған байланысты ол студенттік тұрғын үйдің бірыңғай ұлттық цифрлық платформасын құруды ұсынды. Бұл жатақхана орындарын онлайн есепке алуды, ақпараттың қолжетімділігін арттырады. Сондай-ақ депутаттық сауалда жатақхана салатын инвесторларға қосымша ынталандыру тетіктерін енгізу ұсынылды.