Қордайда жас кәсіпкер асыл тұқымды мал басын көбейтуді қолға алып, тірлігін түлетіп отыр. Ерсұлтан Нұрлыбай «Арашан» қойларын өсіріп қана қоймай оны жем шөппен қамтамасыз етуді де кешенді жүзеге асырмақ.
Қақпатас ауылының тұрғыны, жас шаруа Ерсұлтан Нұрлыбай. Ол өз шаруашылығын 2020 жылы небәрі 70 бас асыл тұқымды қоймен бастаған. Аз ғана уақыт ішінде жүйелі еңбектің және кәсіпке деген адалдықтың арқасында шаруашылығын кеңейтіп, бүгінгі күні асыл тұқымды «Арашан» қойларының санын 400 басқа жеткізіп отыр.