Интернет-алаяқтардың айласынан қалай сақтану керек? Жастарды есірткі бизнесінен қалай қорғауға болады? Жүргізуші куәлігін заңды алудың жолдары қандай? Осындай сан сауалдың жауабы «Профилактикалық керуен» іс шарасы барысында айтылды. Тұрғындарға тегін кеңес берген тәртіп сақшылары бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды.
Енді тұрғындар кез-келген сұрақтардың жауабын тікелей мамандардан ала алады. Өңірде Жамбыл облысы Полиция департаменті ұйымдастырған «Профилактикалық керуен» өз жұмысын бастады.