Отбасында көрсетілетін зорлық-зомбылық -қоғамдағы күрделі мәселелердің бірі. Өкінішке қарай, соңғы уақытта мұндай жағдайлардың құрбанына айналған жандардың саны көбейіп, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Осы мақсатта бүгін Таразда білікті сала мамандары бас қосып, арнайы трениниг өткізді.


Тұрмыстық зорлық- зомбылықтан әйелдермен қатар кәмлетке толмаған балалар да дардап шегуі мүмкін. Бұл баланың психологиясына кері әсер етіп, кей жағдайда қайғылы оқиғаларға сеп болуы мүмкін.