Жамбыл облысындағы кірме теміржолдарында апат саны артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы 5 айында өңірде 9 теміржолдан шығу оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп. Сондықтан қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Жамбыл көлік прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен кеңесте қаралды.
Теміржолдағы қауіпсіздік- жүк тасымалының үздіксіздігі мен өндірістегі тұрақтылықтың басты кепілі. Алайда өңірдегі бірқатар кірме теміржолдардың техникалық жағдайы алаңдатушылық туғызуда.