Ойын автоматтарында ұтуға әсер ететін жасырын механизмдерге тыйым салынады. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты. Қазақстанда- балаларды арбайтын, бәлки кейде алдайтын құрылғылар қадағалауға алынбақ. Автоматтарды қоятын орындарға шектеу енгізіліп, техника мен берілетін сыйлықтар мідеттіі түрде сертификатталады.
Саябақ пен сауда орындарында орнатылған ойын автоматтары тек көңіл көтеру құралы ретінде ғана қарастырылмайды. Мамандар мұндай ойындардың баланың психологиясына кері әсерін тигізетінін ашық айтады. Әсіресе бірнеше рет қайталанатын ойын ережесі кейін үлкен әдетке айналатынын айтып, дабыл қағады.