Елімізде маусым айының 3-жексенбісі әкелер күні. Айтулы күнге орай, өңірімізде түрлі іс-шаралар легі өтуде. Мәселен бүгін Таразда «Әкем-бәйтерегім» атты облыстық әкелер фестивалі өтті.
Осылайша бұл іс-шара айтыскер ақынның әкелерге арналған арнауымен шымылдығын түрді. Бұдан соң, конференцияда қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген ер-азаматтар әкенің отбасы тәрбиесіндегі және қоғам дамуындағы рөлі туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті.