Етті қаншадан алып жүрсіз? Қазір қала базарларында қой мен сиыр етінің бір келісі 4-5 мың теңге аралығында саудалануда. Өткен жылмен салыстфрғанда бағаның өсуін саудагерлер санының азаюымен байланыстырса, мамандар жеп шөптің қымдаттауынан деген пікірде.


Мамандардың мәліметінше, қазіргі таңда елімізден шетелге ет шикізаты экспортталмайды. Еске салайық, биыл көктемде ет пен мал бағасы күрт қымбаттаған болатын. Сарапшылар мұны мал азығы, жанар-жағармай және тасымалдау шығындарының өсуімен байланыстырады. Сонымен қатар, ішкі нарықтағы ет көлемінің азаюы да бағаның көтерілуіне әсер етіп отырған көрінеді.