Жылдағы дәстүрге сай Таразда «Кәсіби маман – 2026» жастар байқауы өтті. Биыл 19-рет өткізілген байқауға бұл жолы 90 жас шебер қатысып, өз бақтарын сынады.


Жұмысшы жастарды түрлі мамандықтарға тарту, кәсіп таңдауға бағыт беру және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру – байқаудың басты мақсаты. Биылғы додаға барбер, визажист, аспаз, кондитер және дәнекерлеу ісі шебері аталымдары бойынша 90 үміткер қатысып, өзара мықтыны анықтады.