Бір QR код бүкіл банк жүйесін біріктіре ала ма? Қазақстан дәл осындай өзгерістің алдында тұр. 19 шілдеден бастап іске қосылуы жоспарланған жаңа платформа төлем жасаудағы кедергілерді азайтып, кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетпек. Сарапшылар мұны цифрлық төлемдер нарығындағы тарихи қадам деп бағалап отыр.
Бұған дейін тұрақ ақысын төлеуде де, сауда орындарында да, тіпті мешіттердегі садақа жәшіктерінің жанында да бірнеше QR-код қатар тұратын. Себебі әр банк өз жүйесі арқылы қызмет көрсетіп келді. Сондықтан тұрғындар алдымен өз банкіне тиесілі кодты тауып, содан кейін ғана төлем жасайтын. Ал жаңа жүйе іске қосылса, бір ғана QR-код арқылы кез келген банк қосымшасымен төлем жасауға мүмкіндік туады. Бұл өзгеріске қатысты тараздықтардың пікірін де тыңдап көрдік.