Қазақстан Полициясы күніне орай Көліктегі полиция департаменті Түрксіб станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.
Шараның негізгі мақсаты – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғамдағы маңызды рөлін насихаттау. Іс-шара аясында полиция қызметкерлерінің еңбегі ұлықталып, ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы қызметтің маңыздылығы кеңінен айтылды.