1 шілде жаңа Конституция күшіне енеді. Мәтінінің 84 пайызы өзгерген ата заңымыз бойынша жоғары консультативтік орган Халық кеңесі құрылады. Сондай-ақ бір палаталы парламент – Құрылтай жасақталады.
Енді Мәжіліс заң жобасын әзірлеп, Сенат оны сүзгіден өткізетін көпсатылы жүйе жойылады. Жаңадан жасақталатын Құрылтайда заңдарды қабылдау мерзімі едәуір қысқарады. Көп жыл жұмыс істеп, миссиясын сәтті атқарған қос институтты біріктірудегі нақты мақсат та осы дейді, саяси сарапшылар.