Биыл Қордайда инвестиция көлемі артып, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар қарқынды жүзеге асуда. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жол құрылысы мен ауыз су жүйелерін жаңғырту бағытында да атқарылған шаруалар баршылық. Қордай ауданына жұмыс сапарымен барған Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев тұрғындарымен кездесу барысында тоғыз жолдың торабыда орналасқан ауданның даму динамикасына оң бағасын беріп, атқарылуы тиіс шаруаларға да тоқталды. 


Жыл басынан бері облыс экономикасының негізгі салаларында тұрақты өсім қалыптасып отыр. Өнеркәсіп өндірісі 17,9, құрылыс жұмыстары 22,8 пайызға артқан. Ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс және сауда салаларында да оң динамика бар.