Таразда БАҚ өкілдері арасында көрнекті журналист Мұса Рахманбердиевті еске алуға арналған дәстүрлі бильярд турнирі өз мәресіне жетті. Тараз қаласы әкімдігі мен "Jambyl" телеарнасы бірлесе өткізген тастаяқ додасы биыл 19-рет ұйымдастырылып отыр.
Мұса Рахманбердиев «Жамбыл» теларнасының гүлденуінде себепкер болған жанның бірі. Оның тұсында телеарнада түрлі шоулар мен жаңа бағыттағы хабарлар көрерменге жол тартты. Турнир биыл 19- рет өтті. Дәстүрлі тастаяқ сайысы Жамбылдық журналистердің мерекесіне айналған.