Жалақы өседі, ипотека төлейтіндерге салық жеңілдігі беріледі. Үкімет халықтың әл-ауқатын көтеруге арналған кешенді жоспарды жариялады. Ол қашан іске асады? Экономистер не дейді?
Министрлер кабинеті жалақыны жыл сайын 10 пайызға өсіруді көздеп отыр. Табысты көтеріп қана қоймай, оның инфляциядан үнемі 2-3 пайыз көп болуын қадағалайды. Негізінен төмен және орта жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысы көтеріледі. Әкімдіктер кәсіпорындардың басшыларымен, мемлекеттен қолдау алып отырған кәсіпкерлермен кездесу өткізбек. Мақсат – жалақының қағаз жүзінде ғана емес, ұжымдық шарт негізінде тұрақты өсіп жатқанына көз жеткізу.