Бүгін Байзақ ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 140 отбасыға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Аудан орталығы Сарыкемер ауылында бой көтерген 5 қабатты 60 пәтер, 1 қабатты 80 пәтерлі 40 үй халық игілігіне берілді. Салтанатты жиында аудан әкімі Олжас Баққараев тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Халықты баспанамен қамту Мемлекет басшысы жүктеген маңызды міндеттердің бірі. Ауданда бұл бағыттағы тірлік қарқынды. Соңғы үш жылда Байзақ ауданында тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізіліп, нәтижесінде 618 отбасы жаңа баспанамен қамтылған. Оның ішінде 5 қабатты 7 тұрғын үй салынып, 420 пәтер пайдалануға берілсе, 99 бір қабатты тұрғын үйден 198 пәтер дайындалған. Сонымен қатар, жыл соңына дейін тағы 8 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, сатып алу жоспарлануда.