Бүгін Президент ел журналистикасы мен телевизиясының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін медиа саласының үздік мамандарына жоғары мемлекеттік наградалар табыстады. Салтанатты жиын барысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер берілетіні айтылды. Сондай-ақ, Президент жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалап, олар жаңа Ата заң авторларының бірі деп атап өтті. Масс-медиа өкілдері жаңа Конституцияны қабылдауға үлес қосқанына кеңінен тоқталып, Конситуция – халқымыздың темірқазығы, әділетті қоғамның мызғымас тұғыры деді президент. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарын ұлттың үні, қоғамның айнасы деуге толық негіз бар. Өйткені азаматтарымызбен қатар, күллі әлем қауымдастығы елімізде жасалып жатқан ауқымды өзгерістердің түпкі мәнін, ең алдымен, отандық медиа арқылы танып, біледі.