Таразда «Италия-Жамбыл» инклюзивті кәсіптік білім берудегі стратегиялық серіктестік» атты халықаралық конференция өтті. Алқалы жиын техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы екіжақты байланысты нығайтуға бағытталған.
Ауқымды іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Халықаралық білім беру инновациялар орталығымен бірлесе ұйымдастырды. Конференция жұмысына инклюзивті білім беру, кәсіптік даярлау және жастарды жұмыспен қамту саласындағы жетекші итальяндық сарапшылар қатысты. Олар жастарды білім беру және кәсіби ортаға бейімдеудің тиімділігін дәлелдеген Италияның сәтті тәжірибелерін таныстырды.