Биыл Жамбыл ауданынан шығатын «Шұғыла-Радуга» газетінің 60 жылдық мерейтойы. Осыған байланысты бүгін Аса ауылында салтанатты жиын өтті. Алпыс жыл бойы ауданның тыныс-тіршілігінен сыр шертіп, ел мен жердің тарихын хатқа түсіріп келе жатқан басылымның мерейлі мерекесіне зиялы қауым өкілдері, ардагер журналистер мен оқырмандар қатысты.
Жиында облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы облыс әкімінің арнайы құттықтау хатын жеткізсе, аудан әкімі тарихы тереңнен сыр шерткен басылымға ізгі тілегін айтты. Іс-шара барысында газет тарихынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылып, мерейтойға арналған бейнефильм көрсетілді.