Аймақта 451 мемлекеттік мектеп бар. Қазір 28 директордың орны бос. Ал, Жамбыл ауданында коллеждегі директор ваканциясына өткен жылы тоғыз рет конкурс өткен. Бірақ қызыққандар аз. Бұл цифрлар облыстық қоғамдық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында баяндалды.
Жиында колледждерге бөлінген гранттар саны, техникалық базамен жабдықталмаған оқу орындарын оңтайландыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау жұмыстары талқыланды.