Сондай-ақ, БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңда Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Президент атынан бірқатар сала мамандарына мемлекеттік наградаларды табыстады. 


Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтаған Аида Балаева Мемлекет басшысының сөзін мысалға келтірді. «Бұл кәсіби мерекенің ел өмірінде алатын орны айрықша. Қазіргі жаһандық технология дамыған заманда азаматтарға жедел, сапалы әрі шынайы ақпарат тарату, ұтымды сараптама ұсыну да журналистер қауымына жүктелген абыройлы міндет саналады,-деді Премьер-министрдің орынбасары. Аида Балаева үздіктерге «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен және «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады. Сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы да табысталды.