Сондай-ақ журналистерді мереке қарсаңында шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков құттықтады. Қаланың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген тілшілер қауымына артылар жүк пен жауапкершіліктің жоғары екендігін айтып, еңбектеріне табыс тіледі.
Журналист - билік пен халықтың арасын байланыстырып, қоғам назарынан тыс қалып жатқан өзекті мәселелерді көтеріп, олардың оң шешімін табуына үлес қосып жүр. Шаһар басшысы қоғаммен кері байланыс орнатудағы БАҚ-тың рөліне тоқталып, тілшілердің қаланың дамуына қосқан үлесін жоғары бағалап, кәсіби мерекемен құттықтады.