Елімізде 1 шілдеден бастап жаңа Конституция ресми түрде күшіне енеді. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов өңірдегі БАҚ басшыларымен кездесті.


Бақ өкілдеріне жаңа Ата заңмен танысып шығу үшін, кітапшалар таратылды. Кездесуде 1 шілдеден бастап толық күшіне енетін маңызды құжатты халыққа кең көлемде түсіндіру, ақпараттық-насихат жүргізу керектігін тапсырды. Яғни БАҚ беттерінде түрлі мақалалар жарияланып, сарапшылар, ғалымдар және заңгерлердің сүбелі сұқбаттары жарық көруін жүктеді. Сондай-ақ, Заң мен тәртіп, Әділетті Қазақстан, «Таза Қазақстан» тұжырымдамалары күн тәртібінен түспейтіндігін айтты. Әр саланың этикет нормаларына идеологиялық жұмыстарды жүргізу қажет деді.