Енді нотариустарға талап күшейеді. Бүгін Сенат тарихында қаралған соңғы заң осыған қатысты болды. Былтыр елімізде 4700-ге жуық нотариус жұмыс атқарған. Олар 11 миллионнан астам нотариаттық қызмет көрсеткен. Депутаттардың айтуынша, бұл нотариус қызметінің қоғам өмірінде маңызды және оған деген сұраныстың жоғары екенін білдіреді. Енді нотариустардың жауапкершілігі күшейеді. Заң қызмет сапасын арттыруға, саланы цифрландыруға бағытталған.