Жыл басынан бері 10 адам суға кетті, оның 7-еуі – бала. Судағы қауіпсіздікке қатысты қайғылы оқиғалар азаймай тұр. Өткен екі жылдың статистикасы да алаңдатарлық. 2024 жылы республика бойынша 162 адам су айдындарында көз жұмып, оның 50-і бала болған. Ал 2025 жылы суға кету салдарынан 125 адам қайтыс болып, олардың 39-ы кәмелетке толмағандар.


Өңірлер бойынша 2024 жылы қайғылы оқиғалар Абай, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында жиі тіркелсе, 2025 жылы ең көп жағдай Алматы облысында болған. Биыл республика көлемінде 10 жағдай тіркеліпті. Ал жамбылдағы жағдайдың жай-жапсарын мамандардан сұрадық.