Қазан қаласында ат спорты түрлерінен әлем чемпионаты аяқталды. Бұл додадан Қазақстандық атшеберлер олжалы оралды. Нақтырақ айтсақ, біздің қоржында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола бар. Әлем чемпионы атанғандар қатарында Әулиеаталық палуан Нұржігіт Әмзеев те ел мерейін асырды. Бүгін чемпионның құрметіне Таразда салтанатты жиын өтті. 


Әлем чемпионаты Ресейдің Қазан қаласында ұйымдастырылды. Байрақты бәсекеде Жамбыл облысының намысын қорғаған Нұржігіт Амзеев ерекше шеберлігімен көзге түсті. Ат үстіндегі белбеу күресінде қарсыластарына еш мүмкіндік бермеген спортшы барлық белдесуде жеңіске жетіп, әлем чемпионы атағын жеңіп алды.