Қазақстан мен Грузия стратегиялық серіктес атанды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Көлік-логистика, цифрландыру, сауда салаларында да ілкімді келісімдер бар.


Елордадағы тәуелсіздік сарайында тынымсыз дайындық. Санаулы сәттен кейін тура осы жерде қос ел үшін аса маңызды келіссөздер басталады. Таспагерлер әр сәтті таңбалау үшін тас түйін дайын. Ал министрлер келісімнің детальдарын тағы бір пысықтап алды.