1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енеді. Ата заңда қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше мән берілген. Президент тапсырмасына сәйкес елімізде қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасып келеді.
«Таза Қазақстан» акциясы мемлекеттік органдарды, қоғамдық ұйымдарды және ел тұрғындарын табиғатты қорғау мен елді мекендерді абаттандыру ісіне жұмылдырды. Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Қадралиевтің айтуынша, мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, азаматтық жауапкершілікті нығайтып, адамдарды ортақ мақсатқа біріктіреді.