Облыс полицейлері 4,5 мыңнан астам пышақ пен тыйым салынған заттарды тәркіледі. Өңірде жүргізіліп жатқан профилактикалық рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері тұрғындардан 4637 пышақ, кастет және өзге де тыйым салынған заттарды тәркіледі.


Қауіпті заттарды дер кезінде тәркілеу түрлі жанжалдардың, денсаулыққа зиян келтіру фактілерінің және өзге де құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алып, адам өмірін сақтауға мүмкіндік береді. Облыс аумағында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Полиция тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, тыйым салынған заттарды сақтаудан және алып жүруден бас тартуға шақырады.